Шымкентте алтыншы сынып оқушысы ойынға 2 млн теңге құртқан

Жаңалықтар
view 82
news

фото: shutterstock

Мектеп оқушысы Free Fire ойынындағы аккаунт үшін анасының банк картасының деректерін берген
Шымкентте полицейлер интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол алтыншы сынып оқушысын алдап, 2 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды Polisia.kz -ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, Anti-Fraud жедел-алдын алу іс-шарасы барысында киберполиция қызметкерлері күдіктінің әрекетін әшкерелеген. Ол Free Fire атты танымал мобильді ойында «дамыған» аккаунт сатамын деп, мектеп оқушысын сендіріп, оның сеніміне кірген.
Бала оның айтқанын орындап, анасының банк картасын суретке түсіріп, CVV-кодымен бірге күдіктіге жолдаған. Осы деректер арқылы алаяқ әйелдің есепшотынан қомақты қаржыны алған.
Анасы ақшаның жоғалғанын байқаған соң дереу полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті.
Құқық қорғау органдары ата-аналарға балаларымен цифрлық қауіпсіздік, банк карталары туралы құпия ақпаратты ешкімге бермеу жөнінде үнемі әңгімелесіп отырудың маңызын ескертеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *