«Кішкентай қызын қорлап өлтірген»: Павлодар облысының тұрғыны өмір бойына бостандығынан айырылды

Жаңалықтар
view 47
news

Фотосурет: baq.kz

16 маусымда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға қатысты кәмелетке толмаған баланы дәрменсіз күйде азаптап, жас баланы аса қатыгездікпен өлтірді деген айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта белгілі болғандай, жас баланың әкесі ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көрсету арқылы балаға жүйелі түрде дене жарақатын салған. 2025 жылдың қыркүйек айында мас болған ер адам аса қатыгездікпен баланы өлтірген.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің азаматтық талап қоюы толығымен қанағаттандырылды, - деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *