Шымкентте автобустар 2 күн халыққа тегін қызмет көрсетеді

Жаңалықтар
view 198
news

Фотосурет: otyrar.kz

21-22 наурыз мереке күндері қалалық қоғамдық көліктерде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тасымалданады, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Наурыз мпрекесіне орай қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік 77 бағытта жолаушыларды тасымалдаумен айналысады» - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ, Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *