Шымкентте Украинадан қыздар әкеп демалған әкім қараларды нақты білемін - Айгүл Орынбек
Сурет: Ашық дереккөзден
21 сәуір жұмыс күні аяқталған сәтте Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті әкімдік алдында аңшылыққа арналған қарумен атып кеткен еді. Бейресми ақпарат көздері күдікті мұндай қатыгездікке әйелін қызғанып барды деген болатын. Осыған байланысты заңгер Айгүл Орынбек шымкенттік шенеуніктердің қызқұмардығына тоқталды. Ол тіпті Украинадан қыздарды алдырып көңіл көтереген әкім қараларды нақты білетінін де жазды.
"Шымкентте өмір сүру оңай емес, ойныңды осып жібереді! Сайттарда тарап жатқан ақпарат рас болса, сауап болған екен.
Біреудің әйеліне сексуалдық түрде қол жүгірту не масқара?! Жалпы Оңтүстік жаққа келген кейбір әкімдер мен оның орынбасарлары бұл жаққа демалуға келетін сияқты. Ақшаның буына ес жоғалтқанша ішіп, шегіп Украинадан қыздар алдырып демалған әкім қараларды нақты білем!
Оқ атқан жігіт Шымкент қаласының әкімдігінде жұмыс істейді екен.Ғабит Сыздықбеков сен өзің басқарып отырған әкімдік ішін реттей алмай отырсың!
Бұл оқиғадан кейін Шымкентті игере алмайтының айқындалды.Президент әкімшілік төрағасы Айбек Дәдебай мырза! Шымкентке назар аударыңыз!",-деді заңгер Айгүл Орынбек.
Заңгер әкім орынбасарын атқан Ернар жайлы ақпарат жинап, оның мұндай әркететке бекер бармағанын, желіде қайғылы жағдай себебін бұрмалау басталып кеткенін айтты.
"Шыққан ақпаратты теріске шығарып, Руслан Берденовты ақтау процесі басталып кеткен сияқты. Жоғарыдан сондай тапсырма түсті ау! Мен әйелдер мен қыздар арасындағы зорлық зомбылық мәселесін бұрыннан көтеріп жүрген белсендімін! Жанауарлар әлемінде, еркегі бар ұрғашыға , хайуан еркек жоламайды.Күйеуі бар әйелге қызметте жүріп қырындау ол харассмент деп айтылады. Оқ атқан жігіт МВД академиясын бітірген ақыл есі дұрыс әкімдікте жұмыс істейтін қызметкер.Ернар бұндай қадамға жәйдан жәй бармайды.Яғни Ернарды , Берденов сондай ауыр жағдайға жеткізген болуы керек. Спортсмен достарының арасында өте сыйлы, жауапкершілігі мол деп мінездеме беріп жатыр достары",-деді заңгер желідегі парақшасында.
Пікірлер (0)