Шымкенттегі балабақшада тәрбиеші балаларды соққыға жықты
Сурет: Видеодан кадр
Желі қолданушысы Шымкенттегі “Айкөркем” балабақшасының былығын ашты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Әлеуметтік желі қолданушысы желіде сұмдық ақпараттарды айтты.
"Балам 2022 жылғы. 3-ке толмаған бала. 04.06.2025ж бақшадағы апайы "балаңыз құлап беті қызарып қалды” деп ескертеді. Бірақ сағат 9:30-дан бастап баламды тәрбиеші ұрады, 2 сағат бойы( тоқтамай жылап, арасында теуіп, сүйреп, ұрып құлатып, ішіне тебеді). Балам тоқтамай жылаған. Жылап жерде ұйықтап шалады. Сағат 15:00-ге бейін денесінің қызарғандары басылмаған соң маған құлады деп айтқан”, - деп жазды келіншек.
Алайда баланың өзі анасына тәрбиешінің ұрғанын, жылағанын айтып берген. Ал бақшадағылар мойындамайды. Кейін келіншек бақшадағы камераны ашуды талап етеді. Кейін тәрбиешінің 3-4 жас аралығындағы балаларды ұрып-сабағанын көріп жағаларын ұстайды.
Пікірлер (0)