Шыңғыс Мұқан: Теріс діни ағымға кіргендердің қазаққа жаны ашымайды

Жаңалықтар
view 356
news

Фотосурет: скрин

Қоғам қайраткері, ағартушы, "Мазмұндама" баспасының директоры Шыңғыс Мұқан Ulysmedia порталына берген сұқбатында 2012 жылы Атырауда қызмет еткен кезінде діни экстремизммен қалай бетпе-бет келгенін айтып берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Шыңғыс Мұқанның сөзінше, ол Атырауға барғаннан кейін бірнеше аптадан соң Жылыой ауданының Құлсары қаласында жарылыс болған. Сол кезден бастап діни ахуалды бақылауға алу міндеті оның басты жұмысына айналады.

– Атырау – экономикалық тұрғыдан маңызды аймақ. Егер ондағы мұнай құбырларында жарылыс болса, бұл әлемдік деңгейдегі оқиғаға айналады, мұнай бағасына, тіпті Қазақстан экономикасына да әсер етеді, – деді ол.

Діни ахуалды жақсы түсіну үшін Шыңғыс Мұқан Дін істері агенттігінің сол кездегі төрағасы Қайрат Лама Шәріпке барып, кәсіби мамандарды сұраған. Нәтижесінде Атырауға білікті дінтанушылар мен теологтарды тартқан.

– Күнде түн ортасында мешітте бас қосып, ауыл-аймақты аралап жүрген мамандардың кездесулері жайлы талқылайтынбыз. Әр теолог күніне төрт-бес кездесу өткізетін, – деді Шыңғыс Мұқан.

Ол сұхбат барысында теріс діни идеологияның адамдарды қалай өзгертетініне де тоқталды.

Бір оқиғада үлкен коттеджде тұратын жағдайы жақсы отбасынан шыққан баланың анасы көмек сұрап келген. Анасының айтуынша, баласы алты айдан бері бірге отырып тамақ ішпеген, мүлдем өзгеріп кеткен.

– Діни идеология оның санасын жаулап алған. Туған әке-шешесі бөтен адамға айналдырып отыр, - деді Шыңғыс Мұқан.

Оның пікірінше, теріс ағымның құрбандары қазақ халқына жанашырлықпен қарамайды.

– Теріс діни идеологияның құрбандары қазаққа жаны ашиды деп ойламай алмаймын. Жауыздық жасау керек пе, жарылыс жасау керек пе – олар соған барады, – деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *