Билік алғаш рет Ресейге Украинамен соғысу үшін әскер жібергенін мойындады

Жаңалықтар
view 174
news

Сурет: Ашық дереккөзден

28 сәуір, дүйсенбі күні Солтүстік Корея алғаш рет ресми түрде өз әскерлерін Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін Ресейге жібергенін растады, деп хабарлайды janabastau.kz ALASH.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап Кореяның Орталық телеграф агенттігі (ЦТАК) хабарлады.

Хабарламада әскерлерді жіберу КХДР басшысы Ким Чен Ынның “бұйрығы бойынша” Пхеньян мен Мәскеу арасындағы өзара қорғаныс туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылғаны түсіндірілген.

ЦТАК мәліметінше, бұл — Солтүстік Корея әскерлерінің Ресейге жіберілгені туралы алғашқы ресми ақпарат.

Бұған дейін бірнеше ай бұрын КХДР-дың мыңдаған әскері Курск облысына жіберілген болатын. Сондай-ақ хабарламада ұлттық қарулы күштердің бөлімшелері солтүстіккореялық көшбасшының “бұйрығы бойынша” операцияға қатысқаны нақтыланады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *