Талғардағы балалар үйінің қызметкерлері жалақы мен жұмыс кестесіне наразылық білдірді

Жаңалықтар
view 51
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Талғар қаласындағы «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жаңа жұмыс кестесі мен жалақының төмендеуіне байланысты наразылыққа шықты, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Қызметкерлердің айтуынша, бұрын олар бес жылдан астам уақыт бойы бір тәулік жұмыс істеп, екі күн демалыс алып, 300 мың теңге жалақы алған. Алайда соңғы уақытта енгізілген жаңа кесте бойынша бірінші тәулікте – күндізгі жұмыс, екінші тәулікте – түнгі жұмыс, үшінші тәулікте – демалыс белгіленген. Жалақы мөлшері 243 мың теңгеге төмендеген.

Наразылық білдірген қызметкерлер зейнетақы жарналарының дұрыс аударылмауы мүмкін екенін айтып, мекемеде аудиттік тексеріс жүргізуді талап етті.

Мекеме директоры өз кезегінде бұл қызметке жақында тағайындалғанын, жаңа шешімнің еңбек инспекциясының ескертулеріне байланысты қабылданғанын жеткізді. Сондай-ақ, зейнетақы жарналары мен қызметкерлер табысының төмендеуі туралы хабарсыз екенін айтып, есепшілердің мәселесін мұқият тексеруге уәде берді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *