Теледидарға орамалмен шығуға кім қарсы болды?

Жаңалықтар
view 1145
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова орамал таққалы біршама қиындыққа тап болғанын жасырмады. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, орамал таққалы қоғам пікірі екіге бөлінген. 

“Бүгін бір ағамыз: “Басыңдағы орамалың үшін құрметтеймін” деді. Өткенде бір кісі телевидениеден хабарласып: “Сізді бағдарламаға шақырайық деп едік. Орамалыңызды шешіп келесіз бе?” дейді. “Неге” деппін сасқанымнан. Телевидениеге орамалдыларға рұқсат жоқ” дейді. Алланың парыз еткенімен Алладан қорықпайтындар ғана алысады-ау” деп күрсіндім де қойдым.

 

Орамал тақтың ба, соған сай бол! Орамал тақтың ба, сөзіңе ие бол! TikTok-та немесе Instagram-да отырып алып, аузыңа келгенді айтып, балағаттап, кім көрінгенге жеккөрінішті болма. Орамал тақтың ба, өзіңе ие бол! Секең-секең етіп, әржерде билеп, шошаң-шошаң етіп, дөрекі мінез көрсетіп, қаншама жаулық таққан жандардың арына сын келтірме. Орамал тақтың ба, біреуді алдама, біреуді арбама! Себебі орамал – сенің абыройың”, – деп жазды айтыскер ақын. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *