Телефоныңыз жасырын түрде тыңдала ма – Сарапшы мұны анықтаудың 4 қадамын көрсетті
Сурет: Pixabay.com
Телефоныңызда жасырын тыңдалып жатқанын тексеру үшін сарапшылар төрт қадамды қолданып көруге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz -ке сілтеме жасап janabastau.kz хабарлайды.
NordVPN телефоныңыздың тыңдалып жатқанын білу үшін қарапайым әдісті жасап көруді ұсынады. Сарапшылар Google-да ешқашан іздемеген тақырып туралы дауыстап әңгімелескеннен кейін бірнеше күн өткен соңтелефонда солар туралы жарнамалар пайда бола бастағанын байқады.
"Біз бұл нәрселерді қалыпты және түк зияны жоқ деп санаймыз, бірақ бұл сіздің құрылғыларыңыз жеке ақпаратыңыз бен қызығушылықтарыңызға тым көп қол жеткізіп жатқанын көрсетеді", –деді NordVPN техникалық директоры Мариус Бридис.
Телефонды тексерудің 4 қадамы
- Телефонда немесе онлайн мүлдем сөйлеспеген немесе іздемеген ерекше тақырыпты ойлап табыңыз;
- Сол тақырыпты телефонның жанында бірнеше рет дауыстап айтып, сол туралы сөйлесіңіз;
- Телефонды әдеттегідей пайдалануды жалғастырыңыз;
- Егер сол тақырыпқа қатысты жарнамаларды байқай бастасаңыз, телефоныңыз тыңдалады деген сөз.
Сол үшін телефоныңыз жанында тұрған кезде сөйлесетін тақырыптарыңызға абай болған жөн.
Әзірбайжан туралы айта берсе, кейін осы елге арзан рейстер мен турлар шығуы мүмкін.
Зерттеуге қатысушылардың бірі Сауд Арабиясы тақырыбын таңдап, бірнеше күн бойы ол патшалыққа қаншалықты барғысы келетіні туралы дауыстап ойлады. Үш күннен кейін сол туралы ақпарат пайда бола бастады. Оған желіде қызығушылық танытпаса да, Сауд Арабиясының Алла-Ула қаласындағы қонақ үйлер туралы жарнамаларды беріп отырды.
Пікірлер (0)