Тоқаев: Қазақстан Луганск пен Донецктің тәуелсіздігін мойындамайды
Редакция таңдауы
130
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында РФ президенті Путиннің көзінше өзін-өзі тәуелсіз деп жариялаған ЛХР мен ДХР-ға қатысты өз пікірін ашық білдірді.
Бұл туралы әртүрлі пікірлер бар, мен туарасын айтайын. Біздің қоғамымыз ашық, азаматтық қоғамның пісіп-жетілгені айқын. Қазіргі халықаралық құқық – БҰҰ Жарғысы екенін атап өткім келеді. Бірақ жарғыға енгізілген екі негізгі қағида қазіргі уақытта бір-біріне қайшы келеді. Бұл мемлекеттің территориялық тұтастығы және өзін-өзі анықтау құқығы.
Тоқаевтың айтуынша, егер ұлттың өзін-өзі анықтау құқығы шын мәнінде жүзеге асырылатын болса, онда БҰҰ құрамына кіретін 193 мемлекеттің орнына Жер бетінде 500-ден астам немесе 600 мемлекет пайда болар еді, бұл өз кезегінде үлкен аласапыранға әкеліп соғуы мүмкін. Осы себепті біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз әрі бұл принцип, біздің ойымызша, квазимемлекеттік территорияларға да қатысты қолданылады, ал Луганск пен Донецк сол секілді болып табылады. Міне, бұл сіздің сұрағыңызға ашық жауап, – деді Тоқаев.Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)