Болат Өтемұратов қоры Қосшыда мектеп құрылысын бастады

Редакция таңдауы
view 647
news

Қосшы қаласында Болат Өтемұратов қорының 1 500 орынға арналған мектеп құрылысы басталып кетті. Бұл туралы Қосшы қаласының әкімі хабарлады. «Мектепті қордың «Accent Development Solution» ЖШС салып жатыр. Оқу орнын 2023 жылғы 1 қыркүйекте пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаға қордан 7,5 млрд. қаржы бөлінген. Жаңа мектеп әлемдік стандарттарға сай заманауи бағытта салынбақ. Яғни, мектепте: рекреациялық аймақтар; заманауи оқу-өндірістік тәжірибелік сыныптар; спорт және гимнастикаға арналған залдар; ақпарат орталығы; зертхана; шығармашылық студия; коворкинг; баскетбол және волейбол алаңы; шағын футбол алаңы мен жүгіру жолы бар стадион; ойын алаңдары болады», – дейді қала әкімі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *