«Қазақстанда болуы керек». Самат Әбіш тергеуге алынды

Редакция таңдауы
view 220
news

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты.  Самат Әбіш те тергеу орбитасында бар. Қазір ол жауап беріп жатыр. Оның мәртебесін білмеймін. Қаңтар оқиғасы кезінде ол жұмыста болған. Мен жеке оны өзім көрмедім. Бірақ тергеу жүргізіліп жатыр. Ол Қазақстанда болуы керек, - деді Әмірханов. Алайда Әмірханов тергеу амалдары барысында С. Әбіш күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады. Айта кетейік, Самат Әбіш Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Осыған дейін ол ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *