Қосшы қаласына 2024 жылы газ тартылады – облыс әкімі

Редакция таңдауы
view 232
news

Қосшы қаласына, Қараөткел және Қоянды кенттеріне 2024 жылы газ тартылады,  деп мәлім деді Бурабайда өткен орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев. Ермек Маржықпаев екі жыл бұрын Қызылорда облысынан Қарағанды арқылы Ақмола облысына Сарыарқа-1 магистральді газ құбыры іске қосылғанын еске салды. «Аршалы ауданында 20 елдімекенді қамтитын 13 жоба бар. 20 мыңға жуық адам газбен қамтылады. Биыл 12 елдімекенге газ беріледі. Келешекте - Целиноград ауданы. Қоянды, Қосшы, Қараөткел газға қосылады - бұл астанамыздың солтүстік жағы. Ол жаққа 2024 жылы газ тартылады. Нұр-Сұлтан қаласының айналасын газдандыру кезеңі 2024 жылы аяқталады»,  деді әкім.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *