Тоқаев әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

Жаңалықтар
view 52
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиді құттықтады, деп хабарлайды janabastau.kz  ақпарат агенттігі. 

«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол — грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!» — деді Тоқаев.

Айта кетейік, кеше Хорватия астанасы Загребте өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақта финалда Өзбекстанның өкілі Әлішер Ганиевті 1 минуттың ішінде таза жеңіп, чемпион атанды.

Сұлтанғали іріктеу кезеңінде АҚШ спортшысы Максвелл Хоппер Блэкті, Израильден Мелкаму Фетенені жеңіп, ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері Сеун Лиді (Солтүстік Корея) жықты. Жартылай финалда Грузиядан Амиран Чавадзені жеңді.

Грек-рим күресінен Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында алтын медаль алған жылдар:

  • 1999: Мхитар Манукян (63 кг)
  • 1998: Мхитар Манукян (63 кг), Бақтияр Байсейітов (76 кг)
  • 1997: Юрий Мельниченко (58 кг)
  • 1994: Юрий Мельниченко (57 кг)

60 кг салмақтағы әлем чемпиондары:

  • 2022: Айдос Сұлтанғали
  • 2019: Мейрамбек Айнағұлов
  • 2018: Айдос Сұлтанғали
  • 2017: Мейрамбек Айнағұлов
  • 2015: Алмас Кебіспаев (59 кг)
  • 2011: Алмас Кебіспаев
  • 2010: Алмас Кебіспаев
  • 2009: Нұрбақыт Теңізбаев
  • 1999: Мхитар Манукян (63 кг)
  • 1998: Мхитар Манукян (63 кг)

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *