Алматылықтарға жаппай жер сілкінісі туралы хабарлама келді

Жаңалықтар
view 53
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматы тұрғындарының мобильді телефондарына жер сілкінісі жайлы ескерту хабарламалары келе бастады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

21 қыркүйек күні сағат 16:25-те ТЖМ сейсмостанциялар желісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде жер асты дүмпулерін тіркеді.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 3,8, энергетикалық класы – 7,2. Мамандардың есептеуінше, бұл дүмпу сезілмейтін деңгейде болған. Алматыда да ешкім оны сезген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *