Тоқаев Мирзиёевке алғыс айтып, хат жолдады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке 14-16 қараша күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан делегациясына көрсеткен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
Ақорда мәліметінше, Президент хатта екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарын нығайтуға тың серпін берген бұл сапардың тарихи мәніне тоқталған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте ұйымдастырылған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне жоғары баға берді.
Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлік ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша өрбіген мазмұнды пікірталастар, қабылданған маңызды шешімдер мен құжаттар, сондай-ақ диалогқа Әзербайжанның толық құқылы мүше ретінде қосылуы форумның стратегиялық сипатын арттыра түсті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеевпен келіссөз жүргізгенін жазған болатынбыз.
Айта кетейік, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға келеді.
Пікірлер (0)