Тоқаев орынбасарымен қалай сөйлескен?
Фото: Адырна
Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамбет Көпеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдары туралы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі "Адырна" порталына сілтеме жасап.
Кезінде Парламент Сенаты орынбасары болған қайраткер Президенттің кісілік болмысы, терең білімі мен дипломатиялық қарым-қатынастағы ерекше шеберлігін тілге тиек етті. Мемлекет қайраткері Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірге қызмет атқарған жылдарын да еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде Қасым-Жомарт Кемелұлы өте ашық, қарапайым әрі әріптестерімен еркін пікір алмасатын адам болған.
«Біз көп сөйлесетінбіз. Қасым-Жомарт Кемелұлы қызметке қатысты ойларын, пікірлерін ашық жеткізетін. Оның тағы бір ерекшелігі – есте сақтау қабілетінің өте жоғары болғаны. Архивтегі құжаттардың қайсысы қандай екенін, олардың қашан жазылғанын жақсы білетін. Сол кезде оның жадына ерекше таңғалғаным есімде», – деп еске алады Мұхамбет Көпеев.
Пікірлер (1)
Менің түсінбейтінім шиновниктер армия сын көбейіп не істейді бұлар бюджеттің соры,құрылтайға депутатар сайланады дегенде саны қысқарады ғой деп ойлап едім керісінше көбейтіп жіберді әр министрде 5-6дан орынбасарлары бар депутаттардың сондай мұның барлығы кімге керек халыққа пайдасы жоқ жатыпішерлер