Тоқаев жаңа Конституцияға тағы бір өзгеріс енгізуді ұсынды

Жаңалықтар
view 38
news

Фотосурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға тағы бір маңызды өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі Конституцияда "Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді" деген ереже бар.

"Осы ережені "тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға да сот шешімінсіз жол берілмейді" деп толықтырған жөн. Меніңше, бұл – жаңа Конституцияның сипатына толық сай келетін әлеуметтік норма. Конституциялық комиссия мүшелерінен осы ұсынысты қарауды сұраймын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда мемлекет басшысы Ата заңымыздың жаңа жобасында білім, ғылым, инновациялар және мәдениеттің теңдессіз басымдықтар ретінде айқындалғанын ерекше атап өтті.

"Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз және аумақтық тұтастығымыз мызғымас құндылықтар болып қала береді және еліміздің унитарлығы, жерінің тұтастығы мен басқару нысаны ешқашан өзгермейді деген аса маңызды сөздер бар. Ата Заңымызда бірлік пен келісімнің негіздері нығая түседі", - деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасын "шын мәнінде озық, яғни түбегейлі жаңарған, әрбір тұсы сарапталған, сапалы жазылған мәтін" деп бағалады.

"Онда конституциялық құрылысқа қатысты әлемдегі үздік тәжірибелер көрініс тапқан, адам құқықтары және ұлттық мүддеміз толық қорғалған", - деп түйіндеді президент

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *