Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты

Жаңалықтар
view 124
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Апат бүгін Қарғалы ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтөбе – Орск тасжолында Opel маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

«Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр, жол апатының барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және ауыр салдарға жиі әкеп соғатын қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *