«Жаныңыз жәннатта болсын»: Тұрсынбек Қабатов әсерлі жазба жариялады
Жаңалықтар
146
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алып, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sadaq.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің айтуынша, бүгін әкесінің туған күні. Егер көзі тірі болғанда, 72 жасқа толар еді.
«Әкем болмысы бөлек, терең жан еді. Көп сөз айтпай-ақ, бір қас қабағымен көп нәрсені ұғындыратын. Кітаппен дос, ойы биік, сөзі салмақты адам болды. Әке – асқар тау. Жаныңыз жәннатта болсын. Сағындық», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әзілкештің жазбасына пікір қалдырып, марқұмның жатқан жері жайлы болуын тілеп, көңіл айтты.
Пікірлер (0)