Тоқаевтың Жаңа жылдан кейін көлемді сұхбаты жарық көреді
Жаңалықтар
76
Сурет: Ақорда
2025 жылғы 3 қаңтарда «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды janabastau.kz.
"Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды", – деп жазды ол.
Пікірлер (0)