"Тегіңді бер, жауапкершілікті ал": Тортуыл Шоқан Маңғыстау облысы әкімінің әрекетін әшкереледі

Жаңалықтар
view 283
news

Сурет: Ынташ Наурызованың әлеуметтік желісі

Маңғыстау облысының әкіміне қатысты даулы жағдай қоғамда қызу пікірталас тудырды. Бұл жолы өткір ойлы қоғам белсендісі Тортуыл (Нұржан) Шоқан аталған әкімнің жас қызды пайдаланып, жауапкершіліктен жалтарғанын айтып, әкімді сынға алды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Белсендінің айтуынша, қазіргі таңда әкімнің атын ақтап алу процесі ақшамен жүріп жатыр. 

«Нұрдәулет Қилыбайды ақтау қанша тұрады?» — деп шенеуікке риторикалық сауал тастаған Тортуыл мырза қоғамда белең алған моральдық дерттің тамыры тым тереңде екенін меңзеді. Оның пікірінше, өзінен әлсіз әйелді оңай олжа санап, лауазымын жеке бас пайдасына пайдалану — шенеуніктің ең ауыр күнәсі.

«Қолында билігі, қалтасында қаржысы бар адамға қарсы келу қиын. Ал әйелдің шынайы сезімі емес, әлгі шенеуніктің креслосы мен жағдайы қызықтырады. Жұмыстан кеткен кезде сол әйелдердің өзі «енді кездесудің мағынасы жоқ» деп тайқып шыға келеді», — дейді ол.

Қоғам белсендісі бұл құбылыстың түп-төркінін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі тұсындағы моральдық үлгімен байланыстырады. «Қатынды нәскише ауыстырған ол, тоқал алу үрдісін тұтас жүйеге жұқтырды. Министр, әкім, басқарма басшылары – бәрі әйелді қызметпен қорқытып, төсекпен сатып алатын жағдайға жетті», — деп ашынды Тортуыл Шоқан.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тәнін жарнамалаған «инста-ағашкалар» мен байлық қуған бойжеткендердің көбеюі – жастардың тәрбиесіне, отбасылық институтқа үлкен қауіп төндіріп отыр. Бүгінде өзінің қатарындағы жігітке мойын бұрмай, ақшалы шалдардың етегінен ұстаған қыздар көбейген.

«Қоғам өзгерсін десек, ортақ мораль қажет. Ал мораль болу үшін — тәрбиенің түбірі түзелуі керек. Құндылық жоқ жерде биліктің өзі әділет таратпайды», — деп түйіндеді қоғам белсендісі.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *