Төреғали бәрінен бас тартты ма? Әкесі ел алдында үндеу жасады!
Фото: Instagram/toregalitoreali
Сахнадан кететінін мәлімдеген әнші Төреғали Төреәліге қатысты қоғамда қызу талқылау жүріп жатыр. Әншінің тосын шешімі тек тыңдарманын ғана емес, оның әкесін де бейжай қалдырмаған сияқты.
Белгілі ақын әрі әкесі Төреәлі Төлепов Instagram парақшасында ұлына арнап жүрекжарды үндеу жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Әкесі Төреғалиға өнер жолын тастамауға кеңес беріп, өз жанайқайын өлең жолдарымен жеткізген:

«Жаңалықты оқып ап, не дерімді?
Сенбесімді білмедім сенерімді.
Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың,
Көп жастар алар еді сенен үлгі.
Ақылыңды тоқтатсаң жарар, ұлым,
Мен саған беріп келем берерімді.
Алла берген тоқтатпа өлеңіңді,
Алла берген тоқтатпа өнеріңді!!!»
Бұл жолдар көптің көңілінен шығып, әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Оқырмандардың бірі әкенің парасатты үндеуіне тәнті болса, енді бірі Төреғалиға бағытталған сын-пікірлерін бөлісті.
Еске салайық, соңғы уақытта Төреғали Төреәлі бірнеше рет ел назарын өзіне аудартқан еді. Ақылы тойға мас күйде келгені, рөлге есірткілік немесе мас күйде отырғаны туралы ақпараттар тарап, оның әрекеті қоғамның сынына қалған еді.
Төреғали Төреәлі сахнадан ресми түрде кеткен-кетпегені нақты айтылмаса да, әкесінің бұл үндеуі оның өнер жолындағы шешіміне әсер етуі мүмкін деген болжам бар.
Пікірлер (0)