Трамп Израиль мен Иранның атысты тоқтату жөніндегі келісімге келгенін мәлімдеді

Жаңалықтар
view 472
news

Фото: x.com/WhiteHouse

АҚШ Президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран толық атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізгенін мәлімдеді. Бұл келісім алдағы бірнеше сағат ішінде күшіне еніп, 12 күнге созылған соғысқа нүкте қоймақ, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы АҚШ басшысы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран арасында толық атысты тоқтату туралы түпкілікті келісімге қол жеткізілді (шамамен 6 сағаттан кейін, екі тараптың қазіргі соңғы операциялары аяқталған соң күшіне енеді), оның мерзімі – 12 сағат. Осыдан кейін соғыс аяқталды деп есептеледі!" – деп жазды Трамп.

Оның айтуынша, атысты ресми түрде бірінші болып Иран тоқтатады, ал 12 сағаттан кейін оған Израиль қосылады.

 "24 сағат өткен соң, 12 күнге созылған соғыстың ресми аяқталғаны бүкіл әлемге жария етіледі. Әр кезең кезінде тараптар тыныштықты және бір-біріне деген құрметті сақтауға міндетті. Барлығы жоспарланғандай өтеді деп үміттенеміз (әрине, солай болады да)", – деді ол.

Трамп Израиль мен Иранды "көрсеткен сабырлылығы, ерлігі мен парасаты үшін" құттықтап:

"Бұл соғыс жылдарға созылып, Таяу Шығысты күл-талқан етуі мүмкін еді. Бірақ бұл болмады, әрі енді болмайды да!" – деп түйіндеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *