Трамп пен Путиннің кездесуіне дайындық қызу жүріп жатыр

Жаңалықтар
view 312
news

коллажды ашық дерккөзден janabastau.kz жасаған

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуін неғұрлым тезірек өткізу үшін екі тарап та қызу дайындыққа кіріскен. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасай отырып JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әзірге ешқандай мәлімде жасалған жоқ. Алайда жеке әңгімелесулер барысында Трамп пен Путиннің саммиті талқыланып жатыр. Қазір оған дайындық қыза түскен, - делінген телеарна мәліметінде.

Ал New York Times Трамп бүгін Украинаға көмек мәселесі бойынша кеңес өткізетінін жазды.

Кездесуде мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен қорғаныс министрі Пит Хегсет болады.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Трамп пен Зеленский арасындағы келіссөздер 10 минутта қалай күйрегенін жазған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *