Трамп түрмеге қамалуы мүмкін: экс-кеңесші ескерту жасады

Жаңалықтар
view 514
news

© AP Photo/Carl Court

Алдағы президент сайлауында демократтардың кандидаты жеңіске жетсе АҚШ көшбасшысы Дональд Трамп түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы АҚШ президентінің бұрынғы кеңесшісі Стив Бэннонға сілтеме жасапған The Hill басылымы жазды.

Егер біз демократтар Трампты тоқтату үшін барлық әрекеті жасамайды деп ойласақ, өзімізді алдаған болар едік. Олар импичмент үшін қажетті кез келген құралды пайдалануға дайын, – деп мәлімдеді Бэннон.

Айта уетейік, Стив Бэннон Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде кеңесші қызметін атқарған.

Экс-кеңесші Трампты түрмеге тығу үшін қандай айыптар тағылуы мүмкін екенін нақтыламады. Бірақ демократтар келер жылы Өкілдер палатасын қайта өз бақылауына алса, оны қызметтен шеттетуге күш салатынын ескертті.

ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАР

Демократ Джо Байден президент болып тұрғанда Трампқа қарсы төрт қылмыстық іс қозғалды. 2021 жылғы қаңтардағы Капитолий оқиғасынан кейін оны 2020 жылы өткен сайлауға араласты деп айыптаған.

Сондай-ақ, Джорджия штатында сайлаудағы жеңілісін жоюға тырысты деген айып тағылды.

Бұған қоса порноактриса Сторми Дэниэлске төлемдер бойынша құжаттарды қолдан жасағаны және құпия құжаттарды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

2024 жылы Нью-Йорк судьясы Трампқа сайлаудағы жеңісіне байланысты 34 тармақ бойынша кінәлі деп танылған қылмыстық ісін тоқтату туралы өтініш білдіруге рұқсат берді.

ЕРЕКШЕ ОҚИҒА

Айта кетейік, Трамп қылмыстық және азаматтық істер бойынша айыпталды. Шетелдік БАҚ бұл жағдайды ерекше оқиға деп атады: оған дейін қылмыстық іс бойынша айыпталған бірде-бір тұлға ең жоғары мемлекеттік лауазымға сайланбаған және бұрынғы президентке қылмыстық айып тағылмаған

Сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Трамп әкімшілігіне қарсы көптеген сот шағымдары түсті, олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлерді жаппай жұмыстан босату немесе мигранттарды депортациялау сияқты радикалды шешімдерге қатысты істер бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *