Трамп Украинадағы соғыс жағдайын АҚШ-тың КСРО-ны жеңуімен салыстырған

Жаңалықтар
view 37
news

Фото: Marco Bello/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс жағдайдын 1980 жылғы Олимпиада ойындарында АҚШ хоккей құрамасының Кеңес үкімесі командасын күтпеген жерден жеңуімен салыстырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап.

Мұндай мәлімдемені ол Кеңес Одағының құрамасын жеңген АҚШ-тың 1980 жылғы хоккей командасын ұлықтау рәсімі барысында жасады.

Бұл – ұқсас жағдай, – деді Трамп қақтығыс туралы айтып.

Алайда ол бұл ойын жалғастырмай, Украинадағы соғыстың түпкілікті қалай аяқталатынын білмейтінін атап өтті.

Не боларын көрейік. Қазір біз келісім жасауға бола ма, соны анықтау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта бәрі айқын болады деп ойлаймын, — дееді Трамп.

АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды ұсынғаннан кейін қарқынды дипломатиялық күш-жігер жалғасып жатыр.

Сонымен қатар Ақ үй осы аптада егер келіссөздер тиімсіз деп танылса, қосымша келіссөздерге қатысуды жоспарламайтынын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *