Трамп Украинаға жерін қайтарып бере ала ма?
Сурет: AP Photo/Ben Curtis
Бүгін Украина президенті Зеленский Вашингтонға барды. Президент Трамппен жолықпақ. Кездесу барысында АҚШ-Украина арасындағы сирек кездесетін пайдалы қазбалар туралы шартқа қол қою жоспарланған.
Батыстық БАҚ: «АҚШ пен Украина тарабы табиғи ресурстар туралы келісімді өзара мақұлдасты. Енді президенттердің қол қоюы ғана қалды», - деп жазады.
АҚШ тарабы ұсынған табиғи ресурстар туралы шартты Укарина бірнеше жолы кері қайтарды. Келісімнің соңғы нұсқасында АҚШ-тың 500 млрд долларлық «қарызы», «Қорды толықтай АҚШ басқаруы», «Украина табиғи ресрустардан тапқан табысының 50 пайызын АҚШ-қа беретіні» туралы тармақтар алынып тасталған. Сондай-ақ, аталған шартта «АҚШ Украинаға қауіпсіздік кепілдігін береді» деген сөз де жоқ.
Бұл әзірге БАҚ-тың бажайлауы. Келісімге бүгін қол қойылса, шарт мәтіні де жария болып қалуы керек. ол туралы кейінірек жаза жатармыз.
Әзірге, президент Зеленский мен президент Трамптың кездесуінен бұрын, кеше Ақ үйге Ұлыбритания премьері Кир Стармер барып-қайтты. Стармер мен Трамп та Украинадағы соғыс мәселесін талқы етті. Аталған кездесуде Трамп не деді, Стармер не деді, біз шолу жасадық...
ТРАМП: МЕН УКРАИНАҒА КӨБІРЕК ЖЕР ҚАЙТАРАМЫН...
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен сирек кездесетін металдар туралы келісімге түсініктеме бере отырып, Владимир Зеленскийді құрметтейтінін мәлімдеді.
Украинаға кепілдік беру туралы: «Еуропа елдері Украинаға бітімгерлік күштеру кіргізгісі келеді. Мен қарсы емеспін. Бірақ, бітімгершілік күштерді кіргізбес бұрын бізге бейбіт келісім керек. Украинадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – оңай, мәмілені жасасу – қиын», - деді.
Бейбіт келіссөздер туралы: «Бейбіт келісім жасасу біздің қолымыздан келеді. Біз бейбіт келісім бойынша ұзақ жолдан өттік. Ресеймен де, Украинамен де жақсы келіссөздер болды. Ресей бұл бойынша жақсы келеді. Мен алда болатын келіссөздерде Украинаға мейлінше көбірек жерін қайтаруға күш саламын. Бейбіт келісім өте жақын арада іске асады, немесе мүлде болмайды», - деді.
Табиғи ресурстар туралы келісім бойынша: «Келісім жасасу «Украина үшін өте жақсы». Сирек табиғи металлдар туралы келісім Украинаны қолдау болып табылады. Енді американдық салық төлеушілерге Украинаны қорғауға жұмсалған жүздеген миллиард доллар қайтарылады.
Біз шынымен де жақсы ынтымақтас боламыз. Біз үлкен құрметке ие боламыз. Біз оларға көп құрал-жабдықтар мен көп ақша бердік, олар өте батыл шайқасты», - деді.
Украинаның НАТО-ға қосылуы туралы: «Бұл мүмкін емес! Негізі бәленің бәрі осыдан басталды. Украинаны НАТО-ға қосу туралы Байден айтты. Соның сөзінен соң оқ даусы естіле бастады. Ендігі сұрақ – Ресей жаулап алған жерлерді қайтара ма? Әрине, біз неғұрлым көбірек жерді қайтаруға күш саламыз. Қолымыздан келгенін жасаймыз. Бірақ, НАТО-ға мүшелік жайлы үзілді-кесілді айта аламын. Ол мүмкін емес», - деді.
Ресей агрессиясы туралы: «Егер бейбіт келісімге қол қойсақ, Путин қайтадан соғыс бастап, Украинаға кіреді деп ойламаймын. Путин сөзінде тұрмайды деп есептемеймін. Келісім күшіне енеді. Украинада қауіпсіздік болады», - деді.
Зеленский туралы: «Бізде жақсы бір әңгімелесу болады. Біз президент Зеленскийменбірге жұмыс жасағымыз келеді. Зеленский екеуіміздің арақатынасымыз жаман болған жоқ. Біз де Еуропа елдері секілді, салған ақшаның қайтарымын алғымыз келгені оларға жағымсыз әсер еткен болуы мүмкін. Келісімді Байден жасасқан. АҚШ 350 млрд доллар салым салып, бірде-бір тиынын кері алған жоқ. Ал Еуропа өздері берген көмектің қайтарымын алып отыр. Бұл әділетсіз», - деді.
Ұлыбритания мен Стармер туралы: «Мен әрбайын британдықтарға көмек керек емес деп есептеп келдім. Олар өздерін-өздері қорғай алады. Британдықтар әрқашан да мықты сарбаз, мықты әскер болды. Бірақ, егер оларға көмек керек болса, мен әрдайым британдықтардың жанынан табыламын. Стармер пікірталас кезінде мықты болды. Ол өте қатал келіссөзші екен. Бұл маған ұнайды деп айта алмаймын, бірақ бұл факт», - деді.
СТАРМЕР: БЕЙБІТ КЕЛІСІМ – АГРЕССОРҒА СЫЙАҚЫ БОЛМАУЫ КЕРЕК!
Трамп туралы: «Украинадағы қарулы қақтығысты реттеу жөніндегі ықтимал келісім тарихи оқиға болады. Біз сіздермен бейбіт келісімнің берік әрі ұзақ болатынына көз жеткізу үшін жұмыс істегіміз келеді», - деді.
Келіссөздер туралы: «Бейбіт келісім мен бейбітшілік агрессорға сыйақы болмауыкерек! Сіз бейбіт келіссөздер бойынша тарихи шешімдер мен қадамдар жасадыңыз. Оның нәтижесін Украина мен бейбіт әлем қуанышпен атап өтетіндей болуы керек. Бізге бейбітшілік керек!
Егер бейбіт келісімнің соңы агрессорға тиімді болып аяқталса, бұл әлемнің өзге де диктаторлық режимдері үшін үлкен сигнал болады. Соның ішінде, Иранға жақсы болмақ. Біз тарихқа агрессорды емес, бейбіт бітімгерлерді жеңімпаз етіп жазуымыз керек», - деді.
Mezgil.kz
Пікірлер (0)