«Тұрсынбекің өзінен сұраңыздар»: Мөлдір Мұқанова ажырасу жайлы сұраққа жауап берді

Жаңалықтар
view 244
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Тұрсынбек Қабатовтың отбасына қатысты желіде тараған түрлі қауесеттерге алғаш рет әйелі Мөлдір Мұқанова жауап берді, деп хабарлайды janabastau.kz. 

Мөлдір Мұқанова «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көпшіліктің сұрағына қысқаша жауап берді. Ол: «Жеке өмірім туралы көп айтқым келмейді. Бұл – менің шешімім. Ал Тұрсынбекке қатысты сұрақты өзінен сұраңыздар. Бәрі қалыпты жағдайда», – деді.

Соңғы уақытта желі қолданушылары Қабатовтың ажырасқаны немесе басқа отбасын құрғаны туралы түрлі болжам таратуда. Алайда әзірге бұл ақпараттардың ешқайсысы ресми түрде расталған жоқ.

Әзілкештің жеке өміріне қатысты нақты мәлімдеме әзірге жарияланбаған. Желіде айтылған пікірлер мен қауесеттерге сүйеніп тұжырым жасауға әлі ерте.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *