“Үйленгеннен кейін артынан тіпті ыдыс -аяқ келмеді”: Экс дипломаттың мәлімдемесінен кейін Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан жантүршігерлік видео жариялады

Жаңалықтар
view 715
news

Сурки: Qumash телеграм арнасы

Дубайдағы бұрынғы дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан сәттегі видео мен күйеуі ұрғаннан кейінгі жағдайының видеосын желіге жариялады, дер хабарлайды Janabastau.kz.

Сәкен Мамаш осыған дейін әйелінің айтқанын жоққа шығарып, әлеуметтік желіде үлгілі отағасы, бақытты жанұя екенін көрсеткісі келіп, біраз видео таратқан болатын.

"Отбасымда сен, мен, сенікі, менікі демедім, отбасым, жан жарым, біз, біздікі деп жүрдім",-деді Сәкен Мамаш.

Жары Карина Мамаштың қолына айфон, өзі самсунг ұстап жүргенін айтқан дипломат келіншегінің жағдайын жасау былай тұрсын қайын жұртына да қарасып тұрғанын айтады. Тіпті қайын әпкесінің оқу ақысын да төлеп беріпті. 

"Зайыбым Карина мені экономикалық зорлық жасады деп айыптады, соған орай бірқатар мән-жайлардың басын ашайын. Екеуміз отбасы құрғалы не жеймін, не ішемін демеді, қалаған киімін алып беріп жүремін, шынын айтқанда менен де жақсы өмір сүрді. Отбасымда сен, мен, сенікі, менікі демедім, отбасым, жан жарым, біз, біздікі деп жүрдім. Себебі біз бірміз. Карина ұзатылғанда Қаржан ауылындағы бір-екі жеңгем "әй, қыздың жасауы, киімі деген болушы еді, ең болмаса ыдыс-аяқ келмеді артынан" дегенде, "мен мал мүлік емес, жан жарымды алып жатырмын, бұндай әңгімені қойыңыздар" деп, тоқтау салған едім",-дейді ол.

Алайда бүгін Карина Мамаш күйеуінен жәбірленіп, зорлық-зомбылық көрген сәттер бейнеленген видеоны жариялады.

Онда Каринаның бет-аузы көгеріп, мұрнынан қан сауғалаған сәттерін байқауға болады.

«Осы сәтті есте сақтап қалатындай етейік», — деп видео түсірген ол.

Осыған дейін Карина Мамаш күйеуі Сәкен Мамаштың туыстары әжесіне хабарласып, қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқанын айтып, мәлімдеме жасаған еді.

Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *