Үкімет басшысы жұмыс істей алатындарды мемлекет қамқорлығында ұстамайтынын айтты

Жаңалықтар
view 119
news

Фото: Үкімет

Сенатқа республикалық бюджетті таныстыра келген Премьер-министр бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы, сондай-ақ, базалық шығындар 15%-дан 12%-ға дейін қысқарғанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Олжас Бектенов «жұмыс істей алатын, өзін-өзі қамтамасыз ете алатындарды мемлекет қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да» деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлеуметтік салада бюджетке елеулі жүктеме сақталып отыр. Премьер-министр әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары жалпы мемлекеттік бюджеттің 60% алып отырғанын жеткізді.

Республикалық бюджетте ұзақ уақыт бойы бұл шығындар 40% астам болып келді. Үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде біз аталған көрсеткішті 38% дейін төмендете алдық, әлі де болса төмендетуге болады. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз. Түрлі объективті факторларға байланысты жұмыс істеуге және өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ғана мемлекеттен әлеуметтік қолдау алады. Ал, жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі қажет. Мемлекет оларды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да, - деді Бектенов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *