«Әскерде әлімжеттік жоқ»: Қорғаныс министрі осылай деп сендірді

Жаңалықтар
view 93
news

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов таяуда елордада балалары әскерде қаза тапқан аналардың митингісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Шенділердің баласы әскерге барса...»: Зайытов сарбаздар қазасына қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

«Үнемі күйзеліс, шаршау...»: Әскерге сап-сау кеткен сарбаз ауру болып оралған

 «Баламды әскерде өлсін деп тумадым»: Ашынған аналар Астанада митинг өткізіп жатыр

«Регламент сақтаңыздар»: Митингіге шыққан аналармен генерал Қайрат Үмбетов кездесті

Әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарының митингісі: Тоқаев Бас прокурорға тапсырма берді

Министр не деді

Біз оларды қабылдадық. Аналар митингке шыққан мәселенің бәрі тергеу іс-шараларына қатысты болды. Тергеуді Бас әскери прокуратураның бақылауымен Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатыр. Ол жерде бізге қатысы жоқ мәселелер болды, — деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауабында.

Ведомство басшысы Қорғаныс министрлігі әскердегі тәртіпті күшейту шараларын жүзеге асырып жатқанын айтты. 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Адам төзер жер емес екен» – әскерде көз жұмған сарбаздың соңғы сөзі

Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз көз жұмды

Қорғаныс министрлігі командирдің сарбаздарды ұрып жатқанына қатысты түсінік берді

«Жігіт болған соң ерегесіп қалады»

Командирлермен, психологтермен жұмыс істеп, камералар орнатып жатырмыз. Айына 1-2 рет баспасөз қызметкерлерінің сапарын ұйымдастырудамыз. Әскерде әлімжеттік жоқ. Бірақ, әскерде ер-азаматтар көп болғаннан кейін түрлі жайттар болады. Бұл қоғамымызда да бар. Жігіт болғаннан кейін келіспей, ерегесіп қалады. Ондай да болады. Әскерді қоғамнан бөлмеңіздер. Біз де қоғамның мүшесеміз, — деді министр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *