Министр салықты неге көтермек болып отырғандарын түсіндірді

Жаңалықтар
view 140
news

Фотосурет: primeminister.kz

Жақында елімізде жаңа Салық кодексі қабылданып, салық реформасы жүргізіледі деп күтіліп отыр. Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин халыққа салықты өзгертудің не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, егер мемлекеттің қаржылық жағдайы тұрақты болса, салықты өзгертудің қажеті болмас еді. Алайда коронавирус пандемиясынан кейінгі уақытта жағдай өзгерген. Сол кезде Үкімет халықтың әлеуметтік жағдайын қолдау үшін бюджеттен көптеп ақша бөлуге мәжбүр болған. 2022-2023 жылдары экономикаға кететін шығындар да артқан.

Серік Жұманғариннің айтуынша, Үкіметтің алдында бюджет шығындарын азайту, тапшылықты жою және мемлекеттің қарызын азайту міндеті тұрған.

Шын мәнінде, егер мемлекеттік қаржының жағдайы тұрақтырақ болса, онда бәлкім бұлай жасамауға да болар еді. Бірақ, өкінішке қарай, постковидтік кезеңде біз әлеуметтік салаға ақша құюға мәжбүр болдық. 2022-2023 жылдары экономикаға жұмсалатын шығыстар артты. Міндет – шығыстарды қысқарту, бюджет тапшылығын және мемлекеттің борыштық тәуелділігін азайту болды. Біз мұны істей алмайтынымызды анықтадық. Осы 5 жыл бойы қаражат әлеуметтік салаға: жалақы, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақыларға жұмсалды. Шығыс бөлігін қысқарту мүмкін болмағандықтан, кіріс бөлігін арттыру қажет, - деді министр.

Еске сала кетсек, Қазақстанда жаңа салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *