Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарының қорытындылары қаралды
Редакция таңдауы
66
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарының алдын ала қорытындылары қаралды, деп хабарлайды janabastau.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкіметте хабарлағандай, бүгінде еліміз бойынша науқандық жұмыстар аяқталып келеді. Үкімет қаржы бөлу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін толығымен шешті. 140 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді. 21 млрд теңге қаражат өнімді форвардтық сатып алуға бағытталды. Дихандарға 522 мың тонна астыққа тауарлық кредит берілді.
«Минералды тыңайтқыштар өндіретін отандық компаниялармен келісім-шарттар жасалып, өнімді субсидиялауға жергілікті бюджеттерден 31 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ аталған субсидияларды кешіктірмей беру үшін егіс алқаптарын цифрландыру 1 жылға кейін шегерілді. Біз биыл агроөнеркәсіп саласын мемлекеттік қолдау жүйесін көп өзгертпей, барынша сақтап қалғанымызды атап өткім келеді», деді Әлихан Смайылов.
Қазақстанның өз астығы өзіне толық жетеді. Қалған ауқымды бөлігін экспортқа да шығарады. Биыл Қазақстан бидайы Қытай Халық Республикасына жеткізіле бастады.
«Ауа райы қолайсыз болып, астық шықпай қалған күннің өзінде біздегі ішкі қажеттілік ең аз жиналатын көлемнен 2 есе төмен. Яғни, астықтың көлемі елдегі ішкі сұраныс пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді», деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Ол Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, фермерлердің агротехнологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз етуі тиіс екенін айтып өтті.
«Облыс әкімдері егіс алқаптарын арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бақылауға алуы керек. Сонымен қатар өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс-шаралар тізбесі мен субсидиялау нормативтерін бекіту керек», деді Үкімет басшысы.
Қорытындылай келе, Премьер-министр дихандардың мәлімделген бидай көлемін «Азық-түлік корпорациясына» уақытылы жеткізу туралы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді және жыл соңына дейін алқаптарды цифрландыру бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)