Украина 30 күндік бітімге келісті

Жаңалықтар
view 267
news

Фото: bbc

Жиддадағы келіссөздер аяқталды: Украина 30 күндік бітімге келісті, енді шешім Ресейге байланысты.

Негізгі нәтижелер:

1️⃣ 30 күндік атысты тоқтату

АҚШ ұсынған уақытша бітімге Украина келісім берді.

Президент Зеленский: “Біз келісімге келдік, бірақ Ресей де мақұлдауы керек. Әйтпесе, атыс біржақты тоқтамайды”, – деді.

2️⃣ АҚШ әскери көмекті қайта жалғастырады

Барлау мәліметтері мен қару-жарақ жеткізу қайта жанданады.

АҚШ-тың арнайы өкілі Уиткофф: “Президент Трамп Украинаның бейбітшілікке жасаған қадамын көріп, көмекті жалғастыруға шешім қабылдады”, – деді.

3️⃣ Келіссөздерді жалғастыру

Тараптар алдағы дипломатиялық кездесулерге дайындық жүргізеді.

АҚШ Ресеймен келіссөздерді өз мойнына алады.

Рубио: “Доп енді Ресей жағында. Олар да позитивті жауап береді деп күтеміз”.

4️⃣ АҚШ пен Украина стратегиялық ресурстар бойынша келісімге жақын

Украина үшін тиімді тұстар:

Әскери позициясы әлсіреген шақта үзіліс алып, қайта жарақтануға мүмкіндік туады.

Жаңа қорғаныс шептерін дайындап, АҚШ пен Еуропадан қару-жарақ жеткізуді жалғастыра алады.

Енді басты сұрақ – Ресей бұл ұсынысқа қалай жауап береді?

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *