Украина өз киберәскерін құруға жақындады

Жаңалықтар
view 183
news

Фото: дереккөз

Төрт жылға жуық уақыт бұрын басталған үдеріс ақыры соңына таяды: Украина өз киберқорғаныс күштерін құру кезеңіне жақындады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі BBC News Украин қызметіне сілтеме жасап.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ресейдің Украинаға қарсы соғысына Куба жауынгерлері де тартылған

9 қазанда Украина Жоғарғы Радасы елде жаңа әскер түрін — Киберәскерді құру туралы заң жобасын алғашқы оқылымда қабылдады. Ал Бас штаб бұл бағыттағы дайындық жұмыстарын құжат толық мақұлданбай тұрып-ақ бастап кеткен.

Украина Қарулы күштерінің басшылық құрамындағы дереккөздер BBC-ге хабарлағандай, Киберәскер бөлімшелері жыл соңына дейін немесе келесі жылдың басында жұмысын бастауы мүмкін.

Шын мәнінде, бұл бағыттағы жұмыстар әртүрлі деңгейде 2021 жылдың тамыз айынан бері жүргізіліп келеді. Дәл сол кезде президент Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің «мемлекеттің киберқорғанысын нығайту жөніндегі жедел шаралар» туралы шешімін іске қосқан болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев пен Стубб Украинада бейбітшілікті тезірек орнатудың маңызын атап өткен болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *