ҰҚК арнайы операция жүргізіп, 15 адамды қамауға алды
Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
2025 жылдың қазанынан бастап ҰҚК есірткі саудасының жолын кесуге қатысты 10 операция жүргізді, нәтижесінде есірткіні жеткізудің 3 халықаралық және 3 аймақтық арнасы, сондай-ақ жасырын зертханасы мен есірткі плантациясы жойылды.
Заңсыз айналымнан 622 кг есірткі, соның ішінде психотроптық заттар, гашиш және марихуана тәркіленді.
Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен соттың санкциясымен 12 Қазақстан азаматы мен 3 шетелдік қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған еді.
Пікірлер (0)