USAID жеке ұйым ретінде жабылады: АҚШ мемлекеттік департаменті хабарлады
© AP Photo/J.Scott Applewhite, File
АҚШ-тың халықаралық даму агенттігін (USAID) тарату және оның міндеттерінің бір бөлігін мемлекеттік департаментке беру туралы ресми хабарлама Конгреске түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
CNN таратқан мәліметке сүйенсек, қайта құру жұмыстарын биылғы 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.
Агенттікті қысқарту гуманитарлық ұйымдар мен USAID қызметкерлерінің сотқа жүгінуіне әкелді, дегенмен федералды апелляциялық сот ұйымды таратуға рұқсат берді.
Шешімді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио түсіндірді:
Өкінішке қарай, USAID өзінің бастапқы миссиясынан әлдеқашан ауытқып кетті. Нәтижесінде пайда тым аз, ал шығындар өте көп болды. Біз шетелдік көмекті қайта бағыттаймыз, осылайша ол АҚШ пен біздің азаматтардың мүддесіне барынша сай келетін болады, – деп жазды ол X желісіндегі парақшасында.
«Америка дауысы» мен «Азаттық радиосын» қаржыландыратын АҚШ-тың ғаламдық медиа агенттігінің (USAGM) жағдайы сәл жақсырақ. Манхэттеннің аудандық судьясы журналистердің талап-арызы бойынша шешім шығарып, жүздеген қызметкерді демалысқа жіберу олардың құқықтарын бұзатынын мәлімдеді.
Пікірлер (0)