Зеленскийден күдер үзуге әлі ерте: Дрондар Путиннің "жеңіс сценарийін" өзгертуде
Фотосурет ашық дереккөз
JANABASTAU.KZ. Украинаның қазіргі ахуалы бұған дейінгі кезеңдердің кез келгенімен салыстырғанда анағұрлым тәуір. Әскери жағдай тұрақталып, майдан негізінен Донбасс облысы, Ресейдің Белгород, Курск өңіріне қарай ойысуда, деп жазды журналист Наталья Яшин. Бұл туралы Әшкере телеграм каналы хабарлады.
Ең қызығы, соңғы уақытта ұрыстың басым бөлігі Украина емес, Ресейдің өз территориясында өтуде. Бұған дейін басқыншы рөлін атқарған Кремль қазір қорғанушы позициясына амалсыз көшкендей.
Украина армиясы үшін маңызды көрсеткіштің бірі - адам шығыны шамамен 30 пайызға азайған.
Мұның басты себебі: дрондар. Олар дұшпанның көзін жойып, украин сарбаздарын аман сақтап қалуда.
Алғы шептегі авиация да күшейе түсті. "ФАБ" сынды қарулар (қуатты әуе бомбалары) бізде де бар екенін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.
Әскерді басқару ісі де жақсарып келеді: Сырский сынды білікті қолбасшылардың тәжірибесі мол, жанында Драпатый тәрізді сенімді әріптестері бар. Әрине, бұл бағыттағы әлеуетіміз әлі де арта түспек, келесі бесінші жылы Қарулы Күштеріміз бұрынғыдан да тиімді әрекет етеді деген сенім зор.
Трамптың Украинаға қатысты екіұшты саясаты бастапқыда украин жауынгерлерінің моралдық жағдайына әсер ете ме деген алаң болған. Алайда, украиндық сарбаздар майдандағы жағдайды саналы түрде саралап, саяси алаңдағы ауытқулардан сескенбейтінін дәлелдеді.
АҚШ-тан қару-жарақ әлі де келуде (Байден атаға рақмет!), жақын уақытта Еуропадан да ауқымды көмек келеді. Батыс елдері "асарлатып", Украинаға қосымша 15 миллиард доллар бөлмек.
Украинаның тылдағы жағдайы бірқалыпты. Ел ішінде жер астындағы жаңа әскери зауыттардың құрылысы жүріп жатыр.
Отандық қорғаныс өнеркәсібі көз ілеспес жылдамдықпен дамуда. Мысалы, өткен жылы 2 миллион дрон өндірілсе, биыл бұл көрсеткішті 4, тіпті 4,5 миллионға жеткізу межеленіп отыр.
Бүгінде елімізде дронның 100-ге тарта түрі құрастырылып, жаппай қолданысқа енгізілген. Ішінде жаудың барлаушы дрондарын қағып түсіретін арнайы үлгілері де бар. Мұндайды бұрын тек ғылыми фантастикадан оқитын едік, Украина соның бәрін шынайы өмірде жүзеге асыруда.
Дипломатиялық майданда алғашқыда Трамптың саяси бағыты Киевті әбігерге салғанымен, қазіргі таңда Украина дипломаттары жаңа ахуалға бейімделіп үлгерді. Президентіміз бен дипломаттарымыз Украина мүддесін берік қорғап, бетон қабырғадай қалқан болып тұр.
Егер бір келісімдерге қол қоятын болсақ та, қажет кезінде орындамау құқымыз бар. Будапешт меморандумы бізге жақсы сабақ болды.
Соғыс жалғасуда, алда талай асу бар. Алайда Киев өзінің позициясын бұрын-соңды болмаған деңгейде берік ұстауда.
Пікір иесі: Наталья Яшин, журналист
Пікірлер (0)