«Үйде сөйле» – Қосшыда
Қосшы жаңалықтары
100
Қосшы қаласы тілдерді оқыту орталығының бастамасымен Қосшы қаласы Лесная поляна шағын ауданы, #40 үйде «Үйде сөйле» қоғамдық жобасы басталды, деп хабарлайды Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спаорт бөлімі.
Бұл жобаның басты мақсаты – отбасы ішінде, аула алаңында қазақ тілін тіріулту, қазақ тілінде сөйлесу. Қазақ тілін оқыту мен қолдануға, сондай-ақ, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға кең мүмкіндіктер жасау. Бастаманы жүзеге асырып отырған тіл жанашырлары үйден алыстамай қазақ тілін қол жетімді және қызықты форматта қолдануға мүмкіндік жасайды.
Қазақ тілін дамыту мен үйрету мақсатында Қосшы қаласында көптеген шаралар атқарылып жатыр. Өткізілген шаралар мен жасалған жобалар сапалы жемісі беруде. Бұл қоғамдық жоба да сондай өрісті жобалардың бірі болмақ. Әр көп қабатты үйдің ауласында ересек тұрғындардан құралған «Үйде сөйле» клубы ана тілінің қадірін арттыратын болады. Үй тұрғындарына аулада жолығып, қазақ тілінде сөйлесуге, тілді еркін меңгеруге жол ашылды.
«Үйде сөйле» жобасының 2023 жылғы 22 сәуірде Елордада «Ассамблея жастары» РҚБ ұйымдастыруымен тұңғыш қазақ тілінің аулалық жобасының ашылуы өткен болатын. Содан бастап өңір-өңірлер өз иелігіне алып, жоба тынысын кеңейтіп жатыр. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары Геннадий Шиповских пен Максим Рожин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері де қатысқан.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповскихтің айтуынша, қазіргі заманауи технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалану мемлекеттік тілді меңгерудің тиімді тәсілі болып табылады, сондықтан «Үйде сөйле» жобасы сияқты азаматтық бастамалар қарапайым азаматтар тарапынан тікелей кері байланыс алады. Оның сөзінше, біздің әрқайсымыздың міндетіміз-қазақ тілін этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде ілгерілетуге ықпал ету. Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары мұндай жобаларды тек жастарды ғана емес, әртүрлі жастағы өкілдерді де тарта отырып, табысты жүзеге асыруда.
Ел Риза
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты
Қосшы жаңалықтары
Қала руханияты қалай дамып жатыр?
Қосшы жаңалықтары
Серіктестік сапалы жол салып, сенімді ақтап жүр
Пікірлер (0)