Қосшыда екі еңбек жасағы жұмыс істеуде
Қосшы жаңалықтары
384
Жастардың елге деген махаббатын оятатын «Жасыл Ел» жобасы Қосшы қаласында жалғасып жатыр. Еңбек жасақтары өз жұмыстарын мұқият орындап, сапалы нәтиже көрсетуде.
Осы кезде Қосшы қаласында екі еңбек жасағы жұмыс істеуде. Еңбек жасақтары Тұран көшесінде және Лесная поляна тұрғын үй алабы маңайындағы көшелерде қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
«Жасыл ел» – жастардың күшімен жер анамызды көгалдандыру, абаттандыра отырып, жастарды еңбекпен қамтамасыз етеді. Жыл бойында көптеген жастарды осы жобаға қатыстырып, жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетіп отыр.
Одан кейінгі бір маңызы – жастар арасында экологиялық тәрбиені, экологиялық мәдениетті насихаттау. Осы арқылы жастардың елге, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін оята алады.
Бірге жұмыс істеу арылы жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады. Бірлескен іс арқылы, насихаттар срқылы табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін тудырады. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру – мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевт айтқандай, «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму: біздің еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе, маңызды және негізгі міндетіміз. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды».
Қосшы қаласында жасақталған жасақ ары қарай да жасыл аймақтар мен қалалар, елді-мекендердегі дендросаябақтарды құруға қатысу. Елді-мекендерге жақын маңдағы орман, бақтардың демалыс аумақтарын тазалау, суғару, әктеу, көріктендіру.
Ел Риза
Оқи отырыңыз
Қосшы жаңалықтары
Қосшының соңғы қаһарманы
Қосшы жаңалықтары
Қосшыда 1500 орындық заманауи мектеп салынады
Қосшы жаңалықтары
LRT мен индустрия: Қосшының болашақ бағыты
Пікірлер (0)