Вице-министр Наталья Жұмаділдаева қайтыс болды

Жаңалықтар
view 397
news

Фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева 59 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

29 наурызда Жұмаділдаева 60 жасқа толар еді.

«Бүгін әріптесіміз, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның өмірден озғаны туралы қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отыр.

Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды.

Білім беру саласының осындай білікті мамандарының ортамыздан кетуі — орны толмас өкініш. Наталья Васильевнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын!», — деп жазды министр Ғани Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Наталья Жұмаділдаева еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары, ҚР парламенті мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚР оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментін басқарған.

Ал 2023 жылдың қыркүйегінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Жұмаділдаева «Құрмет» орденімен және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *