Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілді

Жаңалықтар
view 823
news

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен Атырау облысының Жайық өзенінде су деңгейі өзгерді, деп хабарлайды janabastau.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

28 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 192 м3 / с құрайды, - делінген хабарламада.

Облыстық жедел штабтың мәіметінше, Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 645 см, деңгейдің +19 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 422 см құрайды.

Жайық өзені - Махамбет кенті 743 см деңгейінде, тәулігіне + 8 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 426 см-ге жеткен

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 434 см, тәулігіне + 3 см деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 243 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *