Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 57
news

Фотосурет: inkai.kazatomprom.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми түсіндірмесіне қарамастан, желіде Қазақстанда бір уақытта бірнеше жерде жұмыс істеуге тыйым салынады деген жалған ақпарат әлі де тарап жатыр.

Сондықтан жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мынаны еске салады:

- Еңбек кодексіне соңғы түзетулер 2015 жылы енгізілген. Алайда жұмыс қызметін қоса атқару тәртібі оған дейін де қолданыста болған.

- Заң бойынша азамат әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек ете алады, бірақ жалпы жұмыс уақыты тәулігіне 12 сағаттан аспауға тиіс (негізгі жұмыста – 8 сағат, қосымша жұмыста – 4 сағатқа дейін).

- Шектеулер тек кәмелетке толмағандарға, ауыр және зиянды өндірістерде жұмыс істейтіндерге (медициналық қызметкерлерден басқа) және мемлекеттік қызметшілерге қатысты қолданылады.

Вице-министр О. Анафин атап өткендей, жұмыс берушілерді тексеру тыйым салумен емес, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі арқылы рәсімдеумен байланысты.

Бұл жүйе қызметкерлердің құқығын қорғайды және еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *