«Жанары өзгерген»: Тұрсынбек Қабатовтың жаңа суреті жұртты ойландырып қойды
Жаңалықтар
77
Сурет: Ашық дереккөзден
Белгілі продюсер Гүлім Еркін «The Voice Қазақстан» жобасының жаңа маусымы басталатынын жазды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Ол Instagram парақшасында:
«11 қазаннан бастап, 20:00. The Voice Қазақстан! Әрқашан Хабарда болайық!» – деп жазды.
Алайда жарияланған суреттегі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бейнесі желі қолданушыларының назарын бірден аударды.
Көпшілік: «Жанары басқа болып қалыпты», «Тұрсынбекке не болған?», «Ауырып жүр деген еді», «Қартайыпты ғой», «Бұрынғыдай емес» – деген пікірлер қалдырды.
Осылайша, жаңа маусымға қатысты жаңалықтың өзі емес, суреттегі Қабатовтың қазіргі түрі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.
Пікірлер (0)