Ресей Қазақстаннан жіберілген 24 тонна сүтті кіргізбей қойды
Сурет: Омск облысының Росселбхознадхор басқармасы
Құжаттағы қате үшін: Қазақстаннан Омбыға жіберілген 24 тонна сүт шекарада тоқтатылды
«Россельхознадзор» Қазақстаннан Омбы облысына әкетіліп бара жатқан ірі көлемдегі сүтті Ресейге кіргізбей қойды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың 17 қыркүйегінде «Исилькуль» өткізу пунктінде шамамен 24 тонна пастерленген сиыр сүті тиелген жүк көлігі тоқтатылған.
Өнім Көкшетаудағы «Садовое» ЖШС-де өндіріліп, Омбы облысындағы «Сүт инвестициялық компаниясына» жеткізілуі тиіс болған. Алайда тексеріс кезінде ілеспе құжаттардан сәйкессіздік табылды.
Ведомствоның мәлімдеуінше, сүт өнімі ЕАЭО ветеринарлық сертификатымен рәсімделген, бірақ декларацияда қате кеткен: жарамдылық мерзімі 5 тәуліктің орнына 1 тәулік деп көрсетілген.
Сондықтан жүк әзірге шекарада қалып отыр. Тек құжаттағы қателіктер түзетілген соң ғана өнімді өткізуге рұқсат етіледі. Ал сүтті жіберген кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер (0)