Бурабайдағы элиталық жерлер: Назарбаевтар әулеті сот ісіне неге ілікті?

Жаңалықтар
view 74
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ақмола облысында жер ресурстарын басқару департаменті Бурабай курортындағы элиталық жер телімдері үшін сотқа жүгінген еді. Даулы учаскелердің қатарында Назарбаевтар әулетіне тиесілі жерлер де бар болған, деп хабарлайды janabastau.kz  ақпарат агенттігі. 

Сот материалында талапкерлер ретінде «КИК-Астана» ЖШС, сондай-ақ марқұм Болат Назарбаев пен оның балалары – Нұрбол, Ханбол, Хантөре және Альбина Назарбаевтар көрсетілген. Бірақ Бурабай аудандық соты істі қараусыз қалдырды.

Айта кетейік, биыл қаңтарда департамент Назарбаевтар мен аталған компанияға қарсы талап арыз бергенімен, сәуір айында оны қайтарып алды. Кейіннен шенеуніктер бұрынғыдай ешқандай талап қоймаған.

Бұл дауға 2024 жылы Ақмола облысы прокуратурасының әрекеті түрткі болған. Қадағалаушы орган сол кезде облыстың бұрынғы әкімі, қазіргі тергеудегі Қайрат Қожамжаровтың 2012 жылғы қаулысына наразылық білдірген. Ол қаулы бойынша «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бірқатар жері тартып алынып, кейін Щучинск қаласына қосылған.

Нәтижесінде прокуратура наразылығы қанағаттандырылып, шешімнің күші жойылды. Осыдан кейін жер ресурстарын басқару департаменті даулы учаскелер бойынша сотқа талаптар түсіре бастаған.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *