«Интервидение»: Әмре неге үздік үштікке енбей қалды?
Сурет: t.me/intervision_world
Ресейде өткен алғашқы «Интервидение» халықаралық ән байқауының қорытындысы жарияланды. Қазақстан атынан қатысқан әнші Әмре (Ернар Садырбаев) үздік үштікке енбей, жетінші орынға тұрақтады. Бұл туралы байқаудың ресми Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Жеңімпаз атағын Вьетнам өнерпазы Дык Фук иеленді. Ол Phù Đổng Thiên Vương әнін орындап, қазылар алқасынан 422 ұпай жинаған.
Қазақстанды байқауда «Славян базарының» жеңімпазы Әмре және сегіз жастағы жас өнерпаз Жасмин Қайратқызы таныстырды. Дегенмен үздік үштікке Беларусь, Тәжікстан және Колумбия өкілдері өтті.
Байқау нәтижесіне қатысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева өз парақшасында пікір білдіріп, Әмренің өнерін жоғары бағалады:

«Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау – барлық өнердің өлшемі емес. Жарқын жеңістер әлі алда», – деді министр.
Пікірлер (0)