Заңгер Айгүл Орынбек Гүлзира Айдербековаға шүйлікті
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova
Заңгер Айгүл Орынбек тәртіпсіздігі үшін қамалып шыққан Қайрат Нұртас пен оның анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың желідегі әрекетіне қатысты пікірін білдірді, деп жазды janabastau.kz
“Мамасының баласы десе, мән бермейтін едім, айналдырған 15 күнді, он бес жыл алғандай жоқтады!
Баласы кінәсіз болса мақұл екен, ел алдында жүрген жұлдыз ішіп алып төбелесу- ол қоғамдық ортада тыныштықты бұзу!
Жас болса мақұл екен жастықпен жасады ғой дейтін, жасы қырыққа келген баласының іс әрекетін күнде әлеуметтік желі арқылы жырлап отыру, бұл енді барып тұрған надандық!
Заң үстемдігін орнатқымыз келсе, елдің алдында жүрген жұлдыздар бірінші тәртіпке бағыну керек!
Биліктегі көкелердің алдында сайрап жүрміз, “крышалар құтқарып қалады” деген түсүнікті жою керек!
Қаншама жас жігіттер жазықсыз 10-15 жылды арқалап кетіп жатыр!
Журналистер! Әділетсіздікке тап болып шырылдаған аналардың жан айқайын дәл осылай шығарсаңдар ғой шіркін!
“Баламның іс әрекеті дұрыс емес, бұл отбасымызға менің жасаған жұмысыма үлкен сын”-деп, бұл тақырыпты сол кезде жабу керек еді!
Алайда, баласынан батыр жасап, оны ақтап қайта-қайта мен анамын деп емірене беру баланың жасаған заң бұзушылығын қолдау!
Баласы елін қорғап соғысқа барып келсе, қоғамдағы жемқорлықпен күресіп жүрсе мейлі екен, оны түрмеден жарияға жар салып күтіп алу бұл енді масқара!
Қырыққа келіп өзі жасаған ісіне өзі жауап бере алмай анасын арластыру, бұл ҰЯТ!
Бұл біздің қоғамда - әлсіз мамасының балалары көбейіп кеткендігінің айқын көрінісі!
Менімен келіспей “ол ана баласын әрине қорғайды”, дейтін шығарсыздар!
Балам екен деп барлық жерге мұрнын сұға беру, баланың келесі қылмысқа жол ашуына мүмкіндік беру!
Еркек- еркекше шешім қабылдап, жауапкершілікті мойнына алатын уақытты, өзіне қалдыру керек!
Қәзіргі уақытта заңды көбінесе мамасының етегінен шыға алмайтындар бұзып жатыр!",-деп жазды заңгер.
Пікірлер (13)
Аигул.Орынбектің пкрін қолдаимын.
Заңгер өте дурыс айтады, соққы алған да біреудің баласы, оның да ата анасы бар, жазықсыз соққыға ұрынған баланың анасы олай жазып жатқан жоқ! Барып турған надандық әрине!!!!
Дұрыс пікір
Анасының баласына араша түсуі - заңдылық! Кез келген ана солай жасайды және жасауы керек! Ананың сол әрекетін надандық санау - артық!
Заңгер өте орынды айтады қолдаймын.
Ар ана ушин баласы 50 ге келсе де озине бала боп саналады баласы ушин любой ана шырылдайд
Айгүл Орынбек ханымның айтқанына келісемін! Тәртіпке бағынған құл болмайды деп Бауыржан атамыз тектен тек айтып кеткен жоқ! Заң барлығымызға бірдей!
Менде Айгүл Ооынбекті қолдаймын.
Айгүл Орынбек -тұмсығыңызды тықпайтын жеріңіз жоқ екен.Қарға баласын-аппағым дейді.Қарсы алса сіздің неңіз кетті. Өз баласы,өзіеің сүйікті баласы.Менде болсам сөйтер едім. Өңкей негативтердің ішінде жүріп жүрегіңіз тас болып қатып қалған ау.Қатыгез болмайық!!!
Өз қазағын өздері көре алмаған адамсыңдар ғой. Ақша тапса парақорлық емес адал еңбегі ғой. Бар болсаң көре алмай, жоқ болсаң артыңды ашатын халықпыз ғой. Бәрі білгіштер. Тыныш қана жақсы пікірлеріңді жазып отыру керек емеспа
Әбден ақшаның буына құтырып, не істеу керегін білмейтін надандардың ісі жиіркенішті!
Айгул Орынбектің айтуы өте дұрыс.👍🏼
Заңгер өте дұрыс айтады. Тәртіпсіз, мәдениетсіз баласын Отан қорғап келгендей ақ күтіп алып, оны желіде жариялау қандай дарақылық. Әйтеуір атың шықпаса жер өрте дегендей ел алдында жылтыңдай беруді мақсат еткен отбасы деп ойлаймын